1

Тема: Жұқпалы аурулардың алдын алу тәрбие сағаты

Негізінен бұл іс-шаралардың екі тобынан құралады: жалпы және арнайы.

1. Жұқпалы кеселдердің жалпы алдын алу - тұрғындардың экономикалық, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, денсаулық сақтау жүйелерін дамытуға, медициналық қызметті, медициналық және фармацевтикалық өндірістерді, ғылыми орталықтарды, медициналық білім беру мекемелерін материалдық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған жалпы мемлекеттік масштабта жүргізілетін іс-шаралар.

2. Жұқпалы кеселдердің арнайы алдын алу - емдік-профилактикалық мекемелерде (ЕПМ) және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мамандары, ветеринарлық қызмет көрсету, ауыл және орман шаруашылығының қызметкерлерімен бірлесе отырып, қоздырғыштармен, инфекция көзімен, оның жұғу жолдарымен және механизмдерімен күресу бойынша іс-шаралар.

Адамдар үшін жұқпа көзі - науқас адам (антропоноздарда), үй және жабайы жануарлар (зооноздарда) және сирек жағдайларда дерт топырақтан жұғады.

Жұқпалы аурулардың алдын алу тәрбие сағаты

Бул маселе боюнча тасма үчүн:

2

Re: Жұқпалы аурулардың алдын алу тәрбие сағаты

Антропонозды ауру кезінде, ең алдымен дерт жұққан адамды тауып алып, оны оқшалау (үйде немесе ауруханада) және қоздырғышты жоюға арналған этиотропты  ем қолдану керек. Бұл эпидемияға қарсы шаралар емханаларда, жұқпалы аурулар ауруханасында (аудандық, қалалық, обылыстық, республикалық) жүреді.

3

Re: Жұқпалы аурулардың алдын алу тәрбие сағаты

Зоонозды ауру кезінде ветеринарлық қызмет көрсету мекемесімен бірге отырып, үй және ауыл шаруашылығы малдарының денсаулығын жақсартуға бағытталады. Кеміргіштер мен ауру жұқтыратын жабайы жануарлардың көзін жоюға арналған. Осы сатыдағы эпидемияғы қарсы жүргізілетін шаралар жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға арналады.

Аурудың жұғу жолымен, деректерінің көп болуына байланысты қоздырғыштың нәжістік-ауыздық (фекалды-оралды), аэрозолды, трансмиссивті, қарым-қатынас, қан арқылы, тік жұғу механизмдерінің көп болуына байланысты алдын алу шаралары да әр түрлілігімен ерекшеленеді. Олар: санитарлық-гигиеналық, дезинфекциялық, дезинсекциялық,  дератизациялық шаралар.

4

Re: Жұқпалы аурулардың алдын алу тәрбие сағаты

Санитарлық-гигиеналық шаралар - ішек инфекциясының алдын алуда маңызды. Бұл коммуналдық-санитарлық, өндірістік, тағамдық, мектептік бақылау түрлері мен тұрғындарды санитарлық-гигиеналық тәрбиелеу болып табылады.

Дезинфекциялық шаралар - қоздырғыштарды, олардың сыртқы ортада сақталуын жою. Бұл шаралар арнайы әдістермен, заттар арқылы жасалады. Мысалы, ошақта жүргізілетін дезинфекция (ошақтық дезинфекция), көпшілік арасында және көліктерде, емдеу мекемелерінде жасалатын алдын-алу дезинфекциясы.

5

Re: Жұқпалы аурулардың алдын алу тәрбие сағаты

Ошақтық дезинфекция - өтпелі (күнделікті) науқастың айналасындағы (үйдегі, ауруханадағы) дезинфекция, қорытынды - ошақтан науқасты алып кеткеннен, науқас жазылғаннан немесе өлгеннен кейінгі жасалатын дезинфекция.
Дезинсекциялық шаралар - бұл жәндіктермен, яғни аралық тасымалдаушылармен - бүргемен, битпен, кенемен, масамен, мокситпен күресу. Бұл да ошақтық, камералық алдын-алу болып табылады.

Дератизациялық шаралар - бұл зоонозды аурудың табиғи ошағы болып табылатын кеміргіштермен күресу.
Бұл іс-шаралардың бәрі негізінен жұқпа көзін, олардың жұғу жолдарын жоюға арналған алдын-алу іс-шаралары.

6

Re: Жұқпалы аурулардың алдын алу

MedKZ пишет: