1

Тема: Қияр мен ет салаты

Қалай салат дайындау үшін

Қияр мен ет салаты

Қиярдың екі ұшын кесіп алып тастаймыз да, ортасынан екіге бөліп, әрқайсысын 3-4 бөлікке
ұзындығынан бөлеміз. Тұз сеуіп, бетін жауып, 30 минутқа
қойып қоямыз.

Қияр мен ет салаты

Бул маселе боюнча тасма үчүн:

2

Re: Қияр мен ет салаты

Етті, пиязды, тәтті бұрышты ұзыншалап тураймыз.
Енді қиярдың суын төгіп тастаймыз да, қиярдың үстіне қызыл бұрыш, кориандр,
езілген сарымсақ және шекерді қосамыз. Қазандағы қыздырылған майға
етті қуырамыз.

3

Re: Қияр мен ет салаты

Еттің суы тартылғанда пиязды және соя соусын қосамыз. 1-2
минут қуырамыз да оттан түсіреміз. Енді қазандағы етті қиярдың үстіне қосамыз. Татті
бұрышты және уксусты қосамыз. 5 минуттан соң бәрін араластырып, дастарханға
қоямыз. Астарыңыз дәмді болсы!

4

Re: Қияр мен ет салаты

Құрамы:
1 кг. қияр
300 гр. сиыр еті
1 кіші пияз
1 дана тәтті бұрыш
2 дана сарымсақ
1/2 шәй қасық қызыл ашты
бұрыш және шекер
1 шәй қасық кориандр
2 ас қасық уксус 5%
3-4 ас қасық сұйық май
3-4 ас қасық соя соусы
1 шәй қасық тұз