1

Тема: Зебра торты

Торттарға Zebra дайындауға қалай

Зебра торты

Дайындалуы:

Сары майды қантпен еземіз. Жұмыртқа қосып, араластырамыз. Қаймақ қосып, араластырамыз. Үстінен қамыр қопартқышы мен ұнды қосып, қою емес қамыр әзірлейміз. Қамырды екі бөлікке бөлеміз. Біреуіне какао қосып, араластырамыз.

Пісіру пішінін майлап оның тура ортасына 1-2 ас қасық какао қамырын құямыз. Үстінен 1-2 ас қасық ақ қамырды құямыз. Оның тура ортасынан қайта какао қамырын құямыз.

Зебра торты

Бул маселе боюнча тасма үчүн:

2

Re: Зебра торты

Осылайша жалғастыра береміз. Пішін қамырға толғанша осылай жалғастырамыз. Бір пішінге қамырдың жартысы кетуі керек. Берілген мөлшерлі құрамдас бөліктерден 2 бәліш шығуы керек. Қамырды 180 градусқа дейін қызған пешке салып, 30-35 минут пісіреміз. Бәліш пісіп жатқанда, крем жасаймыз.

Ол үшін қаймақ, қант және ванильді қантты араластырамыз. Миксер қолданған жөн.
Піскен бәліштерді суытып, ортасы мен үстінен креммен жағамыз. Глазурь әзірлеу үшін кішкене кастрөлде сары майды ерітіп, сүт, қант, какао қосып, бір қайнатып, қоюланғанша оттан алмаймыз. Глазурьді торттың бетіне құямыз. Шеттерін де ұмытпай, толықтай тортты глазурьмен жабамыз. Торт дайын.

3

Re: Зебра торты

Қамыр:

қант – 200г;
сары май немесе маргарин – 200г;
жұмыртқа – 5 дана;
10-15%-ды қаймақ – 500 г;
ұн – 300-350г;
қамыр қопартқышы – 3 шай қасық (немесе 1 шай қасық ас содасы);
какао ұнтағы – 3-4 ас қасық.

4

Re: Зебра торты

Крем:

қаймақ – 400-500 г;
қант – 150 г;
ванильді қант – 2 шай қасық.
Глазурь:
сары май – 100 г;
сүт – 5 ас қасық;
қант – 6-7 ас қасық;
какао ұнтағы – 5 ас қасық.