1

Тема: Сушиды қалай жейді

Сушиды қалай жейді? сушиды қалай жеу керек? Сушиді қалай жеу керегін білмейсің ба далбайоп?  Aivan_Small/smile

Сушиды қалай жейді

Бул маселе боюнча тасма үчүн:

2

Re: Сушиды қалай жейді

asstra пишет:

Сушиды қалай жейді? сушиды қалай жеу керек? Сушиді қалай жеу керегін білмейсің ба далбайоп?

Сушидің негізгі құрамына: күріш, балдыр, балық тағамдары кіреді. Бірақ кез-келген адам сушиді қалай дұрыс жеу керек екенін білмейді. Вассаби, соя және занзабілмен ұсынады. Бір тіліміне васаби жағып, оны сояға сүңгітіп жеп қояды. Содан кейін дәмді тазалау үшін занзабіл жейді. Бұл суши жеудің дәстүрлі тәсілі. Егер, Сізге васаби немесе занзабіл ұнамаса, онда соямен жеуге болады.

3

Re: Сушиды қалай жейді

Қазір жапон ұлттық тағамдары, дәлірек айтсақ, суши үлкен танымалдыққа ие болды. Біздің елімізде де суши мейрамханалары көбейіп, ролл мен сушиларды үйде де жасап жатады. Бірақ өз отанында суши жеудің талаптары бар екенін білесіз бе? Дәл солай.
Сушиды қалай жейді
Сушиді жай ғана алып, ауызға салып, шайнай беруге болмайды! Назарларыңызда суши жеу мәдениетінің ережелері.  Суши мейрамханасына бармас бұрын, жапон таяқшаларының дұрыс қолданысын көріп, үйренген жөн.

4

Re: Сушиды қалай жейді

Суши мен роллдарды таяқшалармен алыңыз. Бірақ таяқшаларды сушидың ортасына тықпаңыз.

Таяқшаларды мүлде қолдана алмаймын десеңіз, шанышқы қолданбай, сушиді қолыңызбен-ақ жеуге болады.

Таяқшаларды мүлде қолдана алмаймын десеңіз, шанышқы қолданбай, сушиді қолыңызбен-ақ жеуге болады.

Сушиды қалай жейді

Таяқшалармен суши жеу барысында таяқшаларды үстелдің үстіне қоймаңыз. Маманданған суши мейрамханаларында таяқшаларды қоятын арнайы тіреуіштер ұсынылады. Егер сізге ондай бермесе, қағаз майлығынан өзіңіз осындай тіреуіш жасап алыңыз.

5

Re: Сушиды қалай жейді

Кейде жапон таяқшаларының сапасы жақсы болмай, таяқшаның шеттерінен ағаштың ұштары шығып тұрады. Оларды алып тастау үшін екі таяқшаны біріне-бірін ысқылаңыз. 

Сушиды қалай жейді
Ортақ табақтан тамақ алғанда таяқшаны басқа ұштарымен алыңыз.  Жапон мейрамханаларында ұсынылатын соя тұздығына сушидың балық жағын малып жеңіз. Күріш жағын соя тұздығына малмаған дұрыс. Бұлай сушидың дәмін құрта аласыз. 

Ащы васаби тұздығын абайлап жеңіз. Көпшілік васабидің ащысынан қорқып, оны соя тұздығымен араластырады. Бұл сушидың дәмін құрта алады.